«Жауаптылығы Шектеулі Серіктестік «JANIUA medical center» емханасының миссясы /мақсаты
« JANIUA medical center »- біз әр отбасына қамқорлық жасаймыз.
Біздің құндылықтарымыз:
-Денсаулықты нығайту
-Халықтың денсаулығын санитарлық салауаттылық, қауіп факторларының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, ынталандыру негізінде нығайту
-Құрмет
-Пациенттерге шын жүректен жанашырлық пен түсіністік таныту арқылы жақсы күтім мен қамқорлық жасау.
-Қол жетімділік
-Қолжетімді сервисті, кешенді рәсімдерді, қол жетімді бағаларды қолдану арқылы медициналық зерттеулердің мүмкіндігінше тез, сапалы орындалуын адал және ашық түрде қамтамасыз ету.
-Ұжымдық медициналық қызмет көрсету
Емханада әрбір қызметкердің мақсатты күш – жігеріне, қосқан үлесіне, біліміне қолдау көрсету арқылы халықты жоғары сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге ұмтылу.
Пайымдау - бұл сапа мен менеджменттің ұлттық стандарттарына, ғылым, білім және инновация саласындағы көшбасшылыққа негізделген, пациентке бағдарланған медициналық қызмет көрсетудің тиімді жүйесі бар бәсекеге қабілетті ұйым.